Қытайда тасқын қаупі күшейіп барады

Қытайдың оңтүстігі, шығысы мен орталығында қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені нөсерге байланысты бұл аймақтарды су басуы мүмкін. Мамандар Янцзы өзенінің деңгейі қауіпті межеге таяп қалғанын ескертеді. Қазір, әсіресе, Хунань провинциясындағы ахуал күрделі. Мұнда 10-нан аса қала мен жүздеген ауылды су басқан. 7 мың гектар егіс алқабы бүлініп, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласына зор шығын келді.