Канадада 150 әуе рейсі кейінге қалды
Канадада әуе механиктері шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz
Соның салдарынан халықаралық және ішкі бағыттағы кемі 150 рейс кейінге қалды. 20 мыңдай жолаушы діттеген жеріне уақытында жете алмай, әлекке түсті. Наразылық акциясы 28 маусымнан бері жалғасып келеді. Оған әуе компаниясы өкілдерінің механиктер кәсіподағымен еңбек жағдайына байланысты келіссөздер жүргізуден бас тартуы түрткі болды.