Францияда парламент сайлауының бірінші туры өтіп жатыр

Францияда парламенттік сайлаудың бірінші кезеңі басталды.

Дауыс беруге құқығы бар 49 миллион адам төменгі палатаның 577 мүшесін таңдайды. Таяуда жүргізілген сауалнамаға сәйкес, басты фаворит "әсіре оңшыл" «Ұлттық бірлестік» партиясы саналады. Оларды сайлаушылардың 36 пайызы қолдайды деп болжанып отыр. Ал "солшылдар" 28 пайыз дауыс жинауы мүмкін. Өз кезегінде қазіргі президент Эмманюэль Макронның партиясы сайлаушылардың 20 процентінен қолдау табады деген болжам бар. Егер аталған саяси додада «Ұлттық бірлестік» жеңіске жетсе, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет Франция үкіметін "әсіре солшылдар" тізгіндейді. Айта өтейін, Франция парламенті сайлауының екінші туры 7 шілдеде өтеді.