Еуроодақ кеңесінің төрағалығы Венгрияға өтті
Кәрі құрлықта Еуропалық одақ кеңесінің төрағалығы Венгрияға өтті, деп хабарлайды 24kz.
Мажарлар елі беделді ұйымды жарты жыл басқарады. Осы уақыт аралығында ресми Будапешт ортақ аймақтың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырып, қорғаныс, заңсыз миграция және демографиялық мәселелермен күресуді мақсат етіп отыр. Тағы бір қызықты дерек – Венгрия өзінің Кеңестегі төрағалығының белгісі ретінде венгр мүсіншісі Эрне Рубик ойлап тапқан «Кубик рубикті» таңдап алды. 27 бөлшектен құралған логикалық ойыншық Одаққа мүше елдердің санымен бірге алда тұрған түйткілдерді тез әрі тиімді шешуге деген ұмтылысты білдіреді.
Айта кетейік, Венгрияның төрағалығы келесі жылға дейін жалғасып, кейін Польшаға өтеді.