Қырғызстанда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

28 маусымда Қырғызстанның Нооқат ауданында қатты нөсер құйып, сел жүрді, деп хабарлайды 24kz.

Салдарынан 10 адам опат болды. Марқұмдардың барлығы бір-біріне туыстар. Қаза тапқандардың төртеуі Қазақстан азаматтары. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сел жүрген аудандарда 300-ден астам құтқарушы апат салдарымен күресуде. Олардың қатарында қазақстандық бригада да бар. Нооқат ауданында төтенше жағдай жарияланды.