1512 жылы салынған картина бәссаудаға шығарылды

Лондонда атақты қылқалам шебері Тициан Вечеллионың «Мысырға барар жолдағы демалыс» атты картинасы бәссаудаға қойылды.

Бұл – туындының 145 жылда алғаш рет аукционға шығарылуы.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, 1512 жылы салынған туынды 31 миллион долларға бағаланып отыр.

Тицианның осы шығармасына кезінде император Наполеон I мен австриялық ханшайым Мария Терезия иелік еткен. Кейін оны біреулер ұрлап, 7 жыл бойы табылмаған.

Тициан Вечеллио – әлемдік көркемсурет өнеріне өлшеусіз үлес қосқан суретші. Оның есімі Леонардо да Винчи, Микеланджело секілді хас шеберлермен қатар аталады.