Үндістанда діни жиын кезінде 121 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш провинциясында діни жиын кезінде 121 адам бастырылып қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Олардың дені әйелдер мен балалар. Тағы ондаған адам жарақат алған. Қазір жапа шеккендер емдеу орындарына жеткізілді. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады. Олардың сөзінше, шараға 250 мыңнан астам адам жиналған. Ал билік 80 мың тұрғынның ғана басқосуына рұқсат еткен. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.