Еуроодақ Қытай электромобильдеріне салықты көтерді
Еуроодақтың Қытай электромобильдеріне баж салығын көтеру туралы заңы күшіне енді, деп хабарлайды 24kz.
Енді бұл елден ортақ аймаққа әкелінген электрокар үшін 38%-ке дейін алым алынуы мүмкін. Бірақ бұл шара қараша айына дейін, Қытайдың электромобиль шығарушы компанияларына қарсы тергеу аяқталғанша ғана қоланылады. Одан кейін Брюссель мәселені қайта қарастырады. Еуроодақ Бейжің субсидиялау арқылы электромобильдерді шамадан тыс көп шығарып, еуропалық бірлестіктерге нұқсан келтіріп отыр дейді. Себебі қытай электрокарлары еуропалық көліктерге қарағанда едәуір арзан.
Эрик Мамер, еуропалық комиссияның ресми өкілі:
- Салық әділетсіз бәсекелестікпен күресу үшін көтеріліп отыр. Өйткені еуропалық электрмобиль шығарушылар мұндай әрекеттен зардап шегіп отыр. Сондықтан Қытай тарапын мәселені келіссөз арқылы реттеуге шақырамыз.