Юкатан түбегінде «Берил» дауылынан қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Мексиканың Юкатан түбегінде «Берил» дауылы соқты, деп хабарлайды 24kz.

Осыған байланысты аймақта қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Мамандардың айтуынша, желдің қатты болғаны сонша, оның жылдамдығы секундына 49 метрге жеткен. Соның салдарынан ағаштар тамырымен жұлынып, ғимараттардың шатыры ұшқан. Әзірге табиғи апаттан қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Келтірілген шығын көлемі туралы да ақпар жоқ.