Қытайда су бөгеті бұзылып, 5500 адам эвакуацияланды

Қытайдың оңтүстігіндегі Хунань провинциясында су бөгеті бұзылып, 5,5 мыңнан астам адам қауіпсіз жаққа көшірілді, деп хабарлайды 24kz.

Басында ені 10 метр болған жырықтың кеңдігі қысқа уақыт ішінде 220 метрге ұлғайған. Төтенше жағдай мамандары 80 метр аумаққа құм төсеп үлгерді. Десе де, тасқын су шамамен 50 шаршы шақырым жерді шайып кеткен.

«Табиғи апат салдарын жою үшін әлі кемінде 2 күн қажет», - дейді билік. Тасқынға бірнеше күн толассыз құйған жауын-шашын мен арнасы толған өзен себеп.