Юта штатында орман өртеніп жатыр

Юта штатында Фишлейк орманы өртеніп жатыр.

Қою түтін Пайют округінің елді мекендерін құрсаулап алған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қазірдің өзінде 4 мың гектардан астам жасыл желек күлге айналды. Мамандардың жанкешті әрекетіне қарамастан, алапат өртті ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Оған аптап ыстық пен күшті жел кедергі. Табиғи апат аумағындағы тұрғындарға қауіпсіз жерге көшуге бұйрық берілді. Көшкен адамдар уақытша орталықтарға орналастырылып жатыр.