Наполеонның тапаншасы €2 миллионға сатылды
Францияда аукционға түскен Наполеон Бонапарттың екі тапаншасы екі миллион еуроға сатылды, деп хабарлайды 24kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, француз императорына тиесілі коллекцияның сатылым бағасы рекордтық көрсеткішке ие болды. Бастапқыда қару миллион еуроға бағаланған. 1814 жылы Наполеон тақтан бас тартқанға дейін қару оған тиесілі деп есептелді. Жергілікті билік сатылымнан бір күн бұрын екі тапаншаны Францияның ұлттық қазынасы деп танып, елден шығаруға тыйым салған.