Аргентинада қар жауып, мал қырылды
Аргентинаның Патагония аймағында қалың қар жауып, шаруалар зардап шекті, деп хабарлайды 24kz.
Фермерлер ақ ұлпаның мол түсуінен жайылым жерге жете алмай, мал қырылып жатыр. Жергілікті билік шаруаларды азық-түлік және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етуді тапсырды. Қазір құтқарушы топ өңірдегі жолдарды аршып, тұрғындарға көмектесіп жатыр. Қатты зардап шеккен аудандарға алдымен жем-шөп жеткізіле бастады. Үкімет қырылған мал басын есептеп, шаруаларға субсидия берілетінін мәлімдеді.