Қытайда Tesla көлігінің сатылымы 20% төмендеді
Қытайда америкалық Tesla электромобиль сатылымы өткен айда 20% төмендеді, деп хабарлайды 24kz.
Маусым айында бар-жоғы 60 мың көлік сатылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 мың электромобильге аз. Бұл туралы америкалық Teslarati басылымы хабарлады. Мамандар мұны қытай нарығында бәсекелес компаниялардың көбейіп, сұраныстың төмендеуімен байланыстырады. Tesla көліктеріне әлем бойынша да сұраныс төмендеген. Былтырға қарағанда сатылым 10% қысқарған. Зауыт жылдың екінші жартысында электромобильдің жаңа моделін сатылымға шығармақ.