Грузияны Еуроодаққа қабылдау процесі тоқтатылды

Еуропалық Одақ елдерінің басшылары Грузияның одаққа кіру процесін іс жүзінде тоқтатты.

Оған гүржі елінің «шетелдік агенттер» туралы заңын қабылдауы себеп. Одақтың Грузиядағы елшісі Павел Герчинский Тбилисидегі конференцияда осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, ортақ аймақ биыл ел үкіметіне де көмекті қысқартып, 30 миллион еуро қаражат бөлуді тоқтатқан. Грузияның болашақта Одаққа кіретіні не кірмейтіні биыл күзде өтетін президент сайлауынан кейін белгілі болуы мүмкін.