Чили шөлі гүлге оранды

Әлемдегі ең құрғақ шөл саналатын Атакама гүлге оранды.

Оған қыс кезінде тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп. Ғалымдардың айтуынша, мұндай жағдай Эль-Ниньо деп аталатын табиғи құбылыстың әсерінен болған. Сирек кездесетін құбылысты көру үшін саяхатшылар жаппай Атакамаға ағыла бастаған.

Чилидің солтүстігінде орналасқан Атакама шөлінің гүлді кілемге орануы алғаш рет емес. 2015 жылы толассыз жаңбырдан кейін шөл далада дәл осындай құбылыс тіркеліп, әлем назарын өзіне қаратқан еді.