BOEING-тің бәсі төмендеді

Боинг компаниясы өткен айда 14 ұшақ сатты. Оның тек үшеуі жолаушыларға арналған, қалғаны жүк тасымалдайтын әуе көлігі.

Бұл туралы СNN агенттігі хабарлады.

Олардың сөзінше, компанияның алғашқы жарты жылдағы сауда көлемі өткен жылға қарағанда 70% кеміген. Сарапшылар сатылымның күрт төмендеуін Alaska Air әуе компаниясымен болған кикілжіңмен байланыстырады.

Жыл басында олар сатып алған ұшақтың панель қақпақшасы ұшып кетіп, әуе көлігінің сапасына шағымданған еді. Қазір АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы оқиғаның анық-қанығын зерттеп жатыр.