Жапонияда жер сілкінісі неге жиі болады?

Әлемде ең жойқын әрі ең жиі жер сілкінісі болатын елдің бірі – Жапония.

Жыл сайын бұл елде шамамен 1500 жер сілкінісі тіркеледі. Тұрғындар әр бес минут сайын дүмпуді сезеді екен. Соған қарамастан, сейсмикалық қауіпсіздік барынша күшейтілген. Күншығыс елі жер думпуінен қорғану үшін тағы қандай шараларды қолға алған?

Жапония 4 үлкен техтоникалық тақтаның үстінде орналасқан. Бұлар жиі тербеледі. Сондықтан күншығыс елінде жыл сайын шамамен 1500 жер сілкінісі тіркеледі екен. Тұрғындар әр бес минутта сейсмикалық белсенділікті сезінеді.

Роберт Батлер, Аризона университетінің геофизика профессоры /АҚШ/:

- Техтоникалық тақталар неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жер сілкіну қаупі жоғары болады. Жапония осындай тақталардың тікелей үстінде немесе түйісетін шектес аумақтарында орналасқан. Сондықтан бұл елде сейсмикалық белсенділік өте жоғары.

Аеко Кита, Сейсмология және жер сілкінісі инженериясы институтының сеймологы /Жапония/:

- Әлемдегі жер сілкіністерінің 18 пайызы Жапония мен оның айналасына тиесілі. Өйткені бұл аймақта техтоника өте белсенді.

Жапония ғана емес, жалпы тұтас аймақ сейсмикалық жағынан аса қауіпті. Ғылыми тілде бұл өңірді "Тынық мұхитының Отты шеңбері" деп атайды. Отты белдеудің аумағы 40 шақырымды қамтиды. Мамандардың мәлімдеуінше, әлемдегі зілзала мен цунамидің 80 пайызы "Тынық мұхитының Отты шеңберінде" болады.

Люси Джонс, АҚШ геология қызметінің сейсмологы:

- Тайвань мен Филиппин де 3 үлкен техтоникалық тақтаның үстінде орналасқан. Сондықтан бұл елдерде де Жапония сияқты жер көп сілкінеді. Бірақ Жапония жер сілкінісімен күресте технологиялық жағынан алға озып кетті.

Жапонияда жер сілкінісін болжап, алдын ала хабар беретін жүйе өте жақсы жұмыс істейді. Ол зілзала қуаты 5 балдан асатын жағдайда дабыл қағып, жедел ескерту береді. Бұл елде биік ғимараттарда амортизаторлар болады. Олар тербелісті өзіне қабылдап, үйді құлаудан және қираудан сақтап қалады. Сонда да Жапониядағы үйлердің 60 пайызы жер сілкінісінен сақтандырылған.

Ернат Мелсұлы, 24.KZ