НАСА Марсқа адам ұшыру бойынша тәжірибесін аяқтады

НАСА-ның Марс ғаламшарына адам жіберу бойынша жыл бойы жүргізген тәжірибесі мәресіне жетті.

Ерікті түрде таңдалып алынған зерттеушілер 378 күн оқшау өмір сүріп, ғарыш кеңістігін игерді. Жасанды ғаламшардағы сынақ қалай өтті, ғалымдар қандай нәтижеге қол жеткізді?

Марста адамның өмір сүру мүмкіндігін зерттеу бойынша бірегей тәжірибе НАСА-ның Хьюстондағы ғарыш орталығында жүргізілді. Оған АҚШ-тың 4 азаматы қатысты. Олар 3D-баспа құрылғысы арқылы дәл қызыл ғаламшардағы жағдайға ұқсатып жасалған арнайы кешенде 378 күн болды. Мамандар сынақ нәтижелері алдағы уақытта оны игеруге көмегі зор болады деп отыр.

Челл Линдгрен, ғарышкер:

- Түрлі сынақтан өтіп, Марсқа бағытты айқындай алдық. Бұл жігіттерден құралған топ, олардың отбасы өмірінің тура бір жылын Насаға қызмет етіп, ғарышты игеруге жұмсады. Экипажды жаңа бір белесті бағындырып, зерттеу жұмысын ойдағыдай аяқтауымен құттықтаймын. Бұл жетістік ғарыш кеңістігін толығырақ зерттеп білуге мүмкіндік береді.

Зерттеушілер жыл бойы кешен ішінде тапжылмастан жұмыс істеп, ғарыш кеңістігін игерді. Ғғарыш алаңына саяхат жасап, онда көкөніс егіп, жинау, құрылғыларды зерттеу бойынша тапсырмаларды орындады. Мұнан бөлек экипаж құрамы шектеулі ресурспен адамдардан оқшау өмір сүруге, Жер шарымен байланыстың кешігуіне үйренуге тырысты. Сынақ жұмыстары аяқталғаннан кейін топ мүшелері алған әсерімен бөлісті.

Техас

Росс Броквелл, ерікті:

- Мен бір жыл бойы ғарыш алаңындағы өмірдің қандай болатынына куә болғаныма қуаныштымын. Біз қажетті ресурстарды мүмкіндігінше тезірек тұтынбай, қалдықтарды қайта жылдам өңдеп пайдалануға тырыстық. Егер бұл талаптарды сақтамасақ, осыншама уақыт ғарышты зерттей алмас едік.

Сынақ Марсқа адамдарды аттандыруға дайындық ретінде жүргізілді. НАСА агенттігі бұл миссияны 2040 жылға қарай жоспарлап отыр.

Ал еуропалық ғалымдар Марста жер асты мұзының үлкен қорын тапқанын мәлімдеді. Зерттеу жұмыстары оның экваторлық белдеуіндегі Медуза ойпаңында жүргізілген. Мұз қабатының қалыңдығы шамамен 4 шақырым. Оның мөлшері Қызыл планетаны тереңдігі шамамен 2 метр болатын сумен қоршап шығуға жеткілікті, дейді зерттеушілер.

Әсия Нұрлыбаева, Жанна Хусаинова