Теріге сәйкес косметикалық өнімді анықтайтын робот
Оңтүстік Кореяда ғалымдар адам терісіне сәйкес косметикалық өнімді анықтайтын робот жасап шығарды.
Құлтемір жасанды интеллектінің көмегімен жұмыс істейді. Ол тұтынушыға иісмайдың 200-ден астам, опа-далаптың 400-ге жуық түрін ұсынады.
Технология адамның терісін талдап, деректерді сканерлеп, кейін қажеттілігіне орай өнімді таңдап бере алады. Сарапшылар 2028 жылға қарай сұлулық индустриясында жасанды интеллектіні қолдану нарығы 8,1 млрд долларға дейін өседі деген болжам жасады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен шамамен 5 млрд-қа көп.