Google ауаны ластап жатыр

Google компаниясының ауаға таратқан зиянды қалдықтар көлемі кейінгі бес жылда екі есе артқан.

Бұған жасанды интеллект технологиясының дамуы әсер еткен. Өйткені бірлестік нейрожелілердің жақсы жұмыс істеуі үшін деректер орталықтарын кеңейткен.

Financial Times ақпарына сүйенсек, былтыр Google ауаға 14 мың тонна көмірқышқыл газын таратқан. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 13 пайызға көп. Компания бұған дейін климаттың өзгеруімен күрес мақсатында 2030 жылға дейін атмосфераға зиянды қалдықтарды шығаруды толық тоқтатамыз деп жариялаған еді. "Жасанды интеллект дамыған сайын бұл мақсатқа жету қиын болғалы тұр", - дейді.