Гондураста денге безгегі өршіді
Гондураста жыл басынан бері денге дертінің 51 мың жағдайы тіркелді.
29 адам аурудан көз жұмған. Дертке шалдығушылық деңгейі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 32%-ға көп. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Олардың сөзінше, жұқпа әсіресе солтүстік-батыстағы Кортэс провинциясында өршіп тұр. Қазір қауіпті аймақтарда масаларға қарсы улау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Билік тұрғындарды аса сақ болып, ауру белгілері байқалған жағдайда жедел медициналық көмекке жүгінуге шақырды.