Трамп Байденнің ақыл-ой қабілетін тексеруге шақырды
Дональд Трамп Ақ үйдің қазіргі басшысы Джо Байденді ақыл-ой қабілетін тексеру сынағына бірге қатысуға шақырды.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Сондай-ақ Трамп “бұдан былай АҚШ көшбасшылығына үміткерлердің барлығы тестілеу сынағы мен кәсіби емтихан тапсыруы керек” деген пікірімен бөлісті. Жергілікті БАҚ оның қазіргі Президентті бірнеше рет интеллект деңгейін тексеруге шақырғанын жарыса жазуда. Кейінгі уақытта Байден егде тартқан жасы мен қоғамдық талқылауға байланысты жұрт назарына ілігуден өзін аулақ ұстауда. Трамппен теледебатта жеңіліс тапқаннан кейін демократтардың көбі оны президенттік сайлаудан бас тартуға шақырды.