Британияда мыңдаған тұтқын түрмеден босатылады
Ұлыбритания билігі түрмеде жазасын өтеушілердің тым көбеюіне байланысты бірнеше мың тұтқынды босатады.
Жазасының шамамен 40 %-ын өтегендер қыркүйек айынан бастап бостандыққа шыға бастайды. Электронды білезік пен коменданттық сағат арқылы пробация қызметі олардың жүріс-тұрысы мен тәртібін қатаң бақылауда ұстайды. Бұл әсіресе құқық бұзушылықтың ұрлық пен нашақорлық бағыты бойынша сотталғандарға қатысты. Ал зорлық-зомбылық сияқты ауыр қылмыс жасағандар мерзімінен ерте босатылмайды. Би-би-си агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбритания түрмелерінде 87 мың 500 қылмыскер жазасын өтеуде. 1 жарым мың орын бос тұр.