Қытайдың оңтүстік-батысын су басты
Қытайдың оңтүстік-батысында жауын-шашын соңы тасқынға ұласып, аймақты су басты, деп хабарлайды 24kz.
Аньхой провинциясында жүріс шектеліп, қозғалыс қиындады. Қазір құтқарушылар зардап шеккен мыңдаған тұрғынды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Сондай-ақ оларға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды үздіксіз жеткізіп отыр. Ал су басқан жерлерді үйінділерден тазартып, тасқын суды жою жұмыстарына техникалар жұмылдырылған.