Франция министрі Сена өзенін сүңгіп тексерді
Париж Олимпиадасы қарсаңында Францияның спорт министрі Сена өзеніне сүңгіп, су тазалығын тексерді.
Ол мұндай қадамға ойынға қатысушыларға Сенада жүзу қауіпті емес екенін көрсету үшін барған. «Өзен суы талапқа сай», – дейді министр.
Айта кетейік, Сенаға шомылуға 1923 жылдан бері судың қатты ластануына байланысты шектеу қойылған. Араға ғасыр салып, өзенге қайта тазарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін Сена қауіпсіз деп танылды. Ал Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.