Дональд Трампқа қастандық жасаған адам анықталды
АҚШ-тың экс президенті Дональд Трампқа оқ атылды, деп хабарлайды 24KZ.
Пенсильвания штатындағы сайлауалды науқанда сөз сөйлеген саясаткердің оң құлағына оқ тиіп, жарақат алды.
Атыс басталған кезде Трамп бірден мінбердің астына тығылып, артынша оққағарлары алып кетті. Оған қастандық жасаған 20 жасар АҚШ азаматы ұсталып, оны полиция атып өлтірген. Трампты қорғауға жауапты құпия қызметінің мәлімдемесі бойынша шабуылдаушы шеру алаңының сыртындағы биік ғимараттың шатырынан сахнаға қарай бірнеше рет оқ атқан. Салдарынан 1 тұрғын қапыда мерт болып, тағы екі адам ауыр жарақат алды.
Сауалнама:
- Оқ атылғаннан кейін бірден палубаға құладық. Жарақат алған 2 науқасқа дереу көмек көрсетуге тырыстық, олар трибунаға жақын тұрған еді.
- Бұл – Америка үшін қайғылы күн. Трибунаның айналасында оқтың дыбысы жан-жақтан естілді. Бәріміз жерге құладық.
Оқыс оқиғаны АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден қатты айыптап, ресми мәлімдеме жасады. Айтуынша, Америкада мұндай әрекетке жол жоқ және жол берілмеуі керек.
Джо Байден, АҚШ президенті:
- Бұл өте ауыр. Әрі осы оқиғадан соң бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз қажет. Мұндай жағдай орын алмауы тиіс, алдағы уақытта да қайталанбауын қатаң қадағалауға бұйрық беремін. Оқиға кезінде қауіпсіздік шараларын қабылдап, шұғыл әрекет ете білген қорғау қызметі мен мемлекеттік агенттіктерге алғысымды білдіремін.
Оқыс оқиғаға қатысты әлемдік көшбасшылар өздерінің өздерінің жеке әлеуметтік парақшаларында дереу пікір білдірді. Олардың қатарында Илон Маск, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху, АҚШ вице-президенті Камала Харрис және АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннеди бар.
«Дональд Трампқа жасалған қастандыққа өз алаңдаушылығымды білдіремін. Оның бас амандығын, отбасының амандығын тілеймін. Бұл жағдайдың қайталанбауы үшін шаралар қабылдайтын боламыз», – Камала Харрис, АҚШ вице-президенті.
Ал Трамптың өзі қастандыққа қарамастан сайлауалды науқанын жалғастыра беретінін жеткізді. 15 шілдеде Висконсин штатында басталатын Республикалық Ұлттық құрылтайға қатысатынын айтты.