Гавайи штатында туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-тың Гавайи штатындағы Кауаи аралында туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырады.
Салдарынан 1 адам көз жұмып, екеуі із-түзсіз жоғалған. Алдын ала мәлімет бойынша тікұшақ ұшу кезінде ауа райының қолайсыздығына тап болған. Тікұшақ – аралдағы отбасылық, жеке әуекомпанияның мүлкі. 30 жылдан астам ұшу тәжірибесі бар компания турларын жыл сайын жүздеген турист пайдаланады. Алайда осындай жағдай кейінгі жылдары жиілеп кеткен. Осыған байланысты АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі тергеу жүргізеді.