Қырғызстанда су тасқынынан 420 адам эвакуацияланды

Қырғызстанда толассыз жаңбыр жауып, арты алапат тасқынға ұласты.

Соның салдарынан Ош қаласындағы бірнеше ауылды су шайып кетті. Құтқарушылар 420 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың ішінде шетелден келген туристер де бар. Қазір Ноокат ауданында Ош – Баткен – Раззақов жолының учаскесі жабылды. 11 шілдеде осындай тасқыннан Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы көпір қираған еді. Қауіп деңгейі әлі де жоғары. Өйткені аймақта 4 күннен бері жаңбыр басылмай тұр.