Жапонияда азық-түлік бағасы шарықтап барады

Жапонияда азық-түлік бағасы қымбаттап, иенаның құнсыздануы тұрғындардың шығынын арттырды, деп хабарлайды 24kz.

Биыл жыл басынан бері азық-түліктің 10 мыңнан астам түрінің бағасы күрт өскен. Әсіресе, сиыр еті мен сарымсақ қымбат. Бағаның өсуі тек азық-түлікпен шектеліп отырған жоқ. Күншығыс елінде ең ірі қағаз өндіретін 6 компания биыл бағаның 20%-ке дейін өскенін мәлімдеді. Кәсіпкерлер мен сатушылар инфляциядан пайда табу қиындағанын айтады.