Ауғанстанда қызылша ауруы дендеп барады

Жарты жылда жұқпалы ауру 36 мыңнан астам адамнан анықталып, 160 науқас көз жұмған, деп хабарлайды 24kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәлімет бойынша қызылша ауруына шалдыққандардың дені балалар мен әйелдер. Ал олардың басым бөлігі елдің шығысында орналасқан Хост аймағынан. Мамандардың айтуынша, дерттің өршіп кетуіне ең алдымен медициналық қызметтерге қолжетімсіздік пен ел арасындағы көші-қон әсер еткен.