Ресейдің Краснодар өлкесінде орман өртенді
Ресейдің Краснодар өлкесіндегі курорттық аймақтың бірінде өрт шығып, лаулаған жалын 60 гектар жерге таралды, деп хабарлайды 24KZ.
Әсіресе табиғи апаттан Абрау мен Дюрсо елді мекені қатты зардап шеккен. Ондаған ғимарат пен көліктер жанып, бірнеше нысан бүлінген. Ахуалға байланысты аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды. Қауіпті аудандардан 500-ден астам демалушы шұғыл эвакуацияланды. Қазір тілсіз жаумен 300-ден аса бригада күресіп, 84 техника мен 2 тікұшақ тартылды.