Румынияда аптапқа байланысты қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды
Румынияда күн шыжып тұр.
Аптапқа байанысты ел астанасы Бухарест пен Кришана, Банат, Олтения, Мунтения сияқты тағы 40-тан астам елді мекенде қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды. Дәрігерлер күндіз сағат 11:00 мен 18:00 аралығында тұрғындарды далаға шықпауға шақырып отыр. «Өйткені қатты ыстықтан денсаулыққа зақым келуі мүмкін», – дейді. Ал синоптиктер болса аптап алдағы бірнеше күнде басылмайтынын ескертті.