Биткоин күрт қымбаттады
АҚШ-та Дональд Трампқа жасалған шабуылдан кейін криптовалютаның орташа айырбас бағамы 13% өсіп, бір биткоин 63 мың доллар болды.
Сөйтіп, цифрлық ақша екі апта бұрынғы деңгейіне жетті.
Айта кету керек, Дональд Трамп крипвалюталарды қолдаушы болып саналады. Осыны ескерген трейдерлер АҚШ-тағы сайлауалды науқанды мұқият қадағалап отыр. Саясаткер бұған дейін егер билікке келетін болса, АҚШ-тың биткоинға қатысты ұстанымын өзгертіп, оны өндірудегі позициясын күшейтетінін бірнеше рет мәлімдеген.