Англияда бұршақ атудан чемпионат өтті

Англияның Уитчам елді мекенінде бұршақ атудан әлем чемпионаты өтті.

51-рет ұйымдастырылған сайысқа АҚШ, Скандинавия, Франция, Испания, Жаңа Зеландия және Голландиядан біраз ел келген. Олар үш жарым метр қашықтықтан бұршақты түтік арқылы үрлеп нысанаға тигізуі керек. Сайыстың қорытындысында 51 жастағы ағылшын азаматы жеңімпаз атанды. Ұйымдастырушылар бұл сайыс елдің көңілін көтеріп қана қоймайды, адамның көру қабілеті мен тыныс алу жүйесін де сынайды.