Маск Трампты қолдауға қаржы бөледі
Американдық кәсіпкер Илон Маск Дональд Трампты қолдауға 45 млн доллар бөлмек.
Қомақты қаражат экс-президенттің саяси комитетіне ай сайын аударылады. Сарапшылар Масктың мұндай шешім қабылдауына Трампқа қатысты соңғы оқиға әсер еткен болуы мүмкін дейді. Өйткені жыл басында Илон Маск Ақ үйдің орынтағына үміткерлердің ешбірін қолдамайтынын айтқан еді. Өткен айда президенттікке үміткерлер арасында болған пікірталас та Дональд Трампты жақтаушылар қатарын көбейте түскен.