Шанхайда жүргізушісіз такси қызмет көрсетеді
Келесі аптадан бастап Шанхай көшелерінде өздігінен басқарылатын такси қатынайды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл әзірге сынақ ретінде іске асырылады. Шаһар тұрғындары мен қонақтары мұндай көлік қызметін тегін пайдалана алады. Негізі Қытайдың Ухань қаласында да жүргізушісіз басқарылатын такси жүреді. Жоба 2022 жылы іске қосылған. Жуырда жария етілген баяндамаға сәйкес, 2 жыл ішінде өзі жүретін көліктер жол апатынсыз 100 миллион шақырым қашықтықты еңсерген екен.