Грекияда Акропольдің жұмыс уақыты шектелді
Грекияда туристер арасында танымал орын – Акропольдің жұмыс уақыты шектелді, деп хабарлайды 24kz.
Оған аптап ыстық себеп. Кей өңірде ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді. Салдарынан орман өрті қаупі де артты. Былтыр тілсіз жау салдарынан 30-ға жуық адам опат болған еді.
Константинос Гаврилидис, Қызыл Крест өкілі:
- Жылдан жылға жаз ыстық болып барады. Біз осындай жағдайда бейімделуіміз қажет. Басқа амал жоқ. Маусымда да аптап ыстық әбден әбігерге салып еді.
Сербияда көл кеуіп қалды
Сербияда күн шыжып тұр. Соның салдарынан елдің солтүстігінде орналасқан суы шипалы Русанда көлі құрғап қалған. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Кейінгі күндері Балқан түбегіндегі өзге елдерде де рекордтық температура тіркеліп жатыр.