XXI ғасырдың ең үздік 100 кітабы тізімі жасалды
АҚШ-та XXI ғасырдың ең үздік 100 кітаптің тізімі жасалды деп хабарлайды 24kz.
Оны The New York Times газеті жариялады. Беделді басылымның нұсқасы бойынша аталған рейтингте италия жазушысы Элена Феррантенің «Менің данышпан досым» атты романы көш бастап тұр. Екінші орынға Изабель Уилкерсонның «Өзге күндердің жылуы» туындысы жайғасса, үздік үштікті Хилари Мантелдің «Вольф холл» тарихи шығармасы түйіндейді. Аталған тізімді жасау кезінде Стивен Кинг, Джон Ирвинг секілді 500-ден аса танымал жазушы мен әдебиет сыншысынан пікір алынған.