Австралия билігі мал санағынан шатасты

Австралияның Статистика бюросының ресми есебі бойынша 26 миллион мал бар.

Ал Куинсленд университеті өзінше зерттеу жасап, "мал басы 35 миллион" деп мәлімдеді. "Даудың басы - сиыр" болып шықты. Шамамен 10 миллион ірі қара ресми санаққа енбей қалған. Ғалымдар бұл теріс мәлімет үкіметтің зиянды газ қалдығын азайтуға арналған жоспарына кері әсер етеді деп қауіптенеді. Өйткені есепке кірмей қалған сиырлар метан газын бөлуді жалғастыра бермек. Кейінгі 5 жылда Австралиядағы сиырлар миллион тонна метан газын бөлген. Қазір Статистика бюросы қайта зерттеу жүргізуге шешім қабылдады. Елдің бұрынғы Ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрі, сондай-ақ 4 жыл премьер-министрдің орынбасары болған, қазір Ұлттық партия атынан депутат Барнаби Джойс тіптен тосын ұсыныс айтқан.

ЦИТАТА: Барнаби Джойс, саясаткер /Австралия/:

"Ауаға бөлінетін метан газының қалдығын 2030 жылға қарай 30 пайызға қысқартудың бірден бір жолы – қолға мылтық алып, малдарды ата бастау керек."

Латын Америкасында мал саны бойынша Бразилия 48 миллион баспен бірінші орында тұр. Ал одан кейінгі орындағы Аргентинада 13 миллион 700 мың мал бар екен. Былтыр одан 700 мың басқа көп болған. Тиісінше елде ет жеушілер қатары да азайды. Аргентинада биыл сиыр етінің сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмендеген. Өйткені еттің бағасы удай дейді тұрғындар. Бір аргентиналық былтыр жылына орташа есеппен 52 елі ет жесе, биыл бұл көрсеткіш 44 келіге түскен. Елдегі инфляция қазір 300 пайызға жуықтап қалды.

Клаудия Сан Мартин, зейнеткер:

"Негізі аргентиналықтар ет жемесе тұра алмайтын халық. Тоңазытқышта тым құрығанда бір кесек ет тұруға тиіс. Бірақ қазір біздің қымбатшылық жайлап алды. Мына түрімен ет те көзден бұл-бұл ұшатын тәрізді."

Үндістанда жасанды интеллект метан газымен күресуге көмектеседі

Үндістан

YOUTUBE.COM/SCROLL.IN / 22 секундтан /

Үндістанда ірі қара саны 300 миллионнан асады. Бұл ел сиыр сүтін өндіру бойынша әлемде бірінші орында. Мысалы, былтыр 80 миллион шаруа 231 миллион тонна сүт өндірген. Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметі бойынша, Үндістан метан газын бөлу бойынша алғашқы үштікке кіреді. Ал осы зиянды қалдықтың 48 пайызы сиыр малына тиесілі. Бірақ Зеңгі баба тұқымын әулие санайтын Үндістан сиырды жоюды емес, ғылым мен технология жолын таңдаған. Инноваторлар жасанды интеллекті көмегімен метан газын азайтуға кірісті. Мамандар эфир майы, нитрат және басқа өсімдік сығындылардан азық қоспаларын жасайды. Бұл заттар метан тудыратын ферменттерді жояды. Ұялы қосымша арқылы жем-шөптің, сүттің құрамы тексеріліп отырады. Қоспаларға тапсырысты онлайн беруге болады. Мамандар осылайша метан газының деңгейі 15 пайызға азайғанын айтады.

Сандеш Море, бақташы:

"Бұл ұялы қосымша біз үшін өте пайдалы болып тұр. Ол сиырға қанша мөлшерде азық беру керектігін дәл есептеп береді. Жасанды интеллектіден басқа, дәрігерлер бар. Оларға тікелей қоңырау шалып, малымызға қатысты толық ақыл-кеңес алуға болады." 

Метан қоршаған ортаға төндіретін қауіп-қатері бойынша көмірқышқыл газынан кейінгі екінші зиянды қалдық. Мамандардың мәлімдеуінше, бір сиыр жылына 100 келі метан газын бөледі екен.