Испанияда жұмыс күні қысқартылды
Испанияда күн райына байланысты қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды.
Өйткені күн шыжып тұр. Оңтүстік өңірлерде температура 44 градусқа дейін жетеді. Синоптиктер ыстық әлі бірнеше күн басылмайтынын ескертеді. Елде орман өртіне қарсы дайындық шаралары күшейтілген. Ал далада еңбек ететін қызметкерлердің жұмыс күні шектелді.
Эмануэль Лопес, жеткізуші:
"Негізі жұмысымыз оңай емес қой. Ал мынадай ыстықта тіптен қиындап кетеді. Күн астында жүріп қатты шаршаймыз. Өзімізді нашар сензінеміз".