Ауғанстанда қызылша ауруы дендеп барады
Жарты жылда жұқпалы дерт 36 мыңнан астам адамнан анықталып, 160 науқас көз жұмған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәлімет бойынша, қызылша ауруына шалдыққандардың дені балалар мен әйелдер. Ал олардың басым бөлігі елдің шығысында орналасқан Хост аймағынан. Мамандардың айтуынша, дерттің өршіп кетуіне, ең алдымен медициналық қызметтерге қолжетімсіздік пен ел арасындағы көші-қон әсер еткен.
АҚШ-та COVID-19-ға қарсы күзгі екпе егу науқаны жүруі мүмкін
АҚШ-та коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркелуіне байланысты елдің кей өңірлері күзгі екпе егу науқанына дайындала бастады. Билік өкілдерінің айтуынша, америкалықтардың ковидке қарсы иммунитеті болғанымен, елде инфекцияның жаңа штаммдары пайда болған. Соның кесірінен әр апта сайын өлім-жітім деректері тіркеліп жатыр. Жүздеген адам науқас деп танылуда.
Мальдивте қауіпті инфекция тарады
Мальдив аралдарында қауіпті инфекция тарады. Әсіресе, ел астанасы Мале мен Хулхумале аралында жағдай күрделі. Кейінгі айларда "чикунгунья" деп аталатын дерт 400-ге жуық адамнан анықталған. Күш алып бара жатқан инфекцияның таралуын тоқтату мақсатында билік өкілдері бірқатар шараны қолға алды. Атап айтқанда, инфекция тасымалдаушы жәндіктерге қарсы күресті күшейткен. Себебі бұл дерт адамға маса арқылы жұғады. Бірақ ауру белгілері бірден байқалмайды екен. Араға апта салып қана белгілі болады. Мамандардың айтуынша, инфекция нәрестелер мен қарттарға өте қауіпті.
Жапонияда сирек кездесетін инфекция тарады
Жапонияда, стрептококк инфекциясын жұқтырғандар көбейді. Жыл басынан бері мыңға жуық адам дертке шалдыққан. Бұл кейінгі 25 жылда болмаған жағдай. Науқастардың дені Токиода тіркелген. Жапония денсаулық сақтау министрлігі, жұқпалы аурудың жаппай таралу себебін коронавирустан қорғау шараларының тоқтатылуымен түсіндіреді. Алғашқы белгілері науқастардың тамағы ауырып бастайды. Соңы фарингитке ұласады.