Эквадорда орман өртенді

Эквадордың оңтүстігінде орман өртеніп жатыр.

Лаулаған жалын бірнеше күнде 140 гектар жерге таралған. Әсіресе табиғи апаттан Хирон және Санта-Исабель қалалары зардап шекті. Өрт сөндірушілер: «аптап ыстық пен желдің екпіні тілсіз жауды ауыздықтауға кедергі келтіріп жатыр», – дейді. 

Кристиан Очоа, Хирон қаласының мэрі:

- Хирон қаласында 140 гектар жерді алып жатқан орман алқабы күлге айналды. Бәрінен бұрын жақын маңдағы үйлерге қауіп төніп тұр.

 

Қытайда тасқыннан 5 адам опат болды

Қытайдың Шэньси провинциясында бірнеше күннен бері шелектеп жауған жауын-шашыннан соң өзен суы көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан бірнеше елді мекенді су басып қалды. Табиғат апаты кезінде 5 адам опат болды. Тағы 8 адам із-түзсіз кеткен. 160 мыңнан астам тұрғын зардап шекті. Аймақта жолдар бүлініп, теміржол қозғалысына зақым келді. Жергілікті биліктің мәліметінше, табиғат апатынан өңірге келген шығын 1 млрд юаньға жуықтайды.