Ғалымдар адам өмірін ұзартатын дәрі жасады
Лондон ғалымдары өмір сүруді ұзартатын дәрілік препарат ойлап тапты.
Сынау мақсатында олар инновациялық өнімді тышқанға қолданып, тәжірибе жүргізді. Кейін кеміргіштердің жағдайы жақсарып, қатерлі ісікке шалдығу қаупі азайғаны анықталды. Қартаюды реттейтін ақуыз бөлінісі тежеліп, өмір сүру ұзақтығы шамамен 20-25%-ке артқан. Ғалымдар: «бұл препараттың адам ағзасына еш зияны жоқ», – дейді. Сынақ жұмыстары жақсы нәтиже берсе, тұрғындар арасында қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.