Бангладеште тәртіпсіздік құрбандарының саны 100-ден асты
Тағы 700-дей кісі жараланған.
Жақында билік 1971 жылғы соғысқа қатысқандардың туыстарын жұмысқа қабылдау кезінде квота енгізілетінін жария етті. Бірақ жоғары оқу орындарының студенттері бұған қарсы. Айтуларынша, елде онсыз да жұмыссыз жүргендер жетерлік. Ал биліктің бастамасынан кейін оқуын аяқтаған түлектердің қызметке орналасуы тіптен қиындап кетуі мүмкін. Өйткені 171 миллион халқы бар Бангладеште 32 миллион жас екі қолға бір күрек таппай жүр. Сондықтан елде студенттердің ереуілдері басылар емес. Жағдайдың ушығуына байланысты мұнда коменданттық сағат енгізілді. Жоғары оқу орындары жабық тұр. Ал интернет жұмысы шектелген.