Әлемде ауқатты адамдар артты
Әлемде дәулеті 30 миллион доллардан асатын бай адамдардың үлесі 8%-ке артты деп хабарлайды 24kz.
Қазір олардың саны 426 мыңнан асады. Барлығының байлығы 49 триллион долларға бағаланып отыр. Ауқатты адамдардың үштен бірі АҚШ-та тұрады екен. Бай адамдар ең көп қоныстанған шаһарлардың бестігіне Нью-Йорк, Гонконг, Лос-Анджелес пен Токио кіреді. Сарапшылар алдағы 5 жыл ішінде аса ауқатты адамдар саны тағы 38%-ке артатынын болжап отыр.