Джо Байден президент болу үшін таласты жалғастырады
Джо Байден келесі аптадан бастап сайлауалды науқанына қайта кіріседі.
Бұл туралы Ақ үй басшысының өзі жария етті. Жуырда оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыған байланысты президент бірқатар іс-шарадан бас тартты. Қазір ол ДЕлавэр штатындағы үйінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерінің айтуынша, Ақ үй басшысының жағдайы жақсы. Маусымдағы сәтсіз пікірталастан кейін партияластарының біразы Джо Байденді президенттікке таластан бас тартуға шақырған еді. Денсаулығына байланысты жаңалықтардан кейін ақпараттық қысым көрсету тіптен күшейіп кетті.