Әлемде электр энергиясына сұраныс артады

Биыл және келер жылы әлемде электр энергиясына сұраныс күрт артады деп хабарлайды 24kz.

Сөйтіп, көрсеткіш кейінгі 20 жылда болмаған деңгейге дейін жетуі мүмкін. Халықаралық энергетикалық агенттік мамандары осындай болжам жасап отыр. Айтуларынша, оған бірнеше себеп бар. Ол – экономикалық өсім. Климаттың өзгеруі. Электрмобильдер және жылу сорғылары секілді қуат көзін пайдаланатын технологиялардың кеңінен қолданылуы тағы бар. Сарапшылар келер жылы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі де 35%-ке артатынын пайымдап отыр.