Израиль Йеменге жойқын шабуыл жасады

Израиль Йеменнің Ходейда портына әуеден соққы берді деп хабарлайды 24kz.

Шабуыл мұнай қоймалары мен электр станциясына бағытталған. Соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 87 азамат жарақат алған. Бәрі ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем-дом алып жатыр.

Айта кетейік, Израиль әскерінің шабуылы хуситтердің Тель-Авивке ұшқышсыз дронмен жасалған соққысына жауап ретінде жасалды. Одан бір адам көз жұмған еді.