Үндістанда вирустан 16 адам көз жұмды

Үндістанда сирек кездесетін вирустың таралуынан 16 адам көз жұмды.

Тағы 50 азамат ауруханада жатыр. Бұл туралы Эн-Ди-Ти-Ви ((NDTV)) телеарнасы Гуджарат штатының денсаулық сақтау министріне сілтеме жасап хабарлады. Айта кетейін, қауіпті инфекция Чандипура деп аталады. Ол алғаш рет  1965 жылы тіркелген. Вирус маса арқылы таралады. Алғашқы белгілері  науқастың басы ауырып, дене қызуы көтеріле бастайды. Әзірге бұл инфекцияға қарсы дәрі жоқ.